Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы
құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерiнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын атап өту құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерекелiк медалі тағайындалсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі туралы ереже;
2) "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекітілсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 20-сы
№ 1555