Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы Президентiнің
кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.20.04  № 368 Қаулысымен  Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентінiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат; 1995 ж., № 4, 45-құжат; 2000 ж., № 43, 503-құжат):

4-тармақта "ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету" деген сөздер "қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысын орындау iсіндегі елеулі кемшiліктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 10, 68-құжат; 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2002 ж., № 22, 230-құжат; 2003 ж., № 29, 282-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат):

7-тармақ алынып тасталсын;

3) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi ірiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы";

1-тармақта:

1) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы." (комиссияның құрамы осы Жарлыққа қоса берiлiп отыр);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.