«Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Ереже және Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 02-01-02/42 Бұйрығы (күші жойылды)

“Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге Ереже және Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 6 сәуірдегі № 02-01-02/42 Бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының  2005 жылғы 5 мамырдағы № 02-01-02/59 Бұйрығына сәйкес күші жойылды

 

 

"Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және 2004 жылғы 5 ақпанда № 2697 Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;

2) Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеу бағдарламасы.

2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттік мекемесі аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің компьютерлік тестіленуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.