«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 ақпандағы № 256 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 410 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 ақпандағы
№ 256 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 410 Қаулысы

 

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына уақытша тұрғын үй-жайларды жалға алғаны (жалдағаны) үшiн жәрдемақы төлеудi реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 ақпандағы № 256 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.