Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру
қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 2001 жылғы 15 мамырдағы
№ 828 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 16.04.03 ж. № 114; ҚР ҚҚА Басқармасының
2004.25.10. № 301 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 26 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 301 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру әдiстемесiн жетiлдiру мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидалары бекітілсiн (қоса берiлдi).
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелгеннен кейiн 15 күннен соң қолданысқа енетiндiгі белгіленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар департаментi:
1) басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулының және жоғарыда аталған Қағидалардың орындалысына бақылау жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 11 ақпанда 458-нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы № 161 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Ұлттық комиссияның