«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 30 сәуір)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілерiне банкроттық мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.30.04. № 415 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсін:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат, № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжат; № 23, 429-құжат; 1999 ж., N  20, 727, 731-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжат; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат):

1) 50-баптың 1-тармағы ", тiркеу орыны бойынша салық және кеден органына" деген сөздермен толықтырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:

"54-1. Сырттай байқау

Сырттай байқау рәсiмін сот мынадай мақсаттарда енгізуi мүмкiн:

борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

әдейi банкроттық белгiлерiн анықтау;

борышкердiң қаржылық жағдайына және кредиторлар алдында мiндеттемелердi орындаудан жалтару жөнiнде iс-әрекеттерiне талдау жүргiзу;

кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржылық-шаруашылық қызметiнің жай-күйiне және олардың қайта ұйымдастырылған рәсiмдерiн жүргiзу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.