(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

БҚҰК "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау
жөніндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртібі туралы"
және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн
оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат беру тәртібі туралы" Ережелерiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысы 1996 жылғы 13 желтоқсан
№ 151

Осы редакция  ҚР  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Бағалы қағаздар рыногы үшiн мамандар даярлау жөніндегі курстардың тыңдаушыларын оқыту және аттестациялау жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етедi:

I. "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртібі туралы" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат беру тәртібі туралы" Ережелер бекітілсiн.

II. Бағалы қағаздар рыногын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртібі туралы" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат ету тәртібі туралы" Ережелердiң мемлекеттік тiркелуiн жүзеге асырсын.

III. Осы Ережелер мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 2 ақпандағы № 15 қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртібі туралы ереженiң" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға рұқсат беру тәртібі туралы Ереженiң" күшi жойылған деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.