Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенция (Тегеран, 2003 ж. 4 қараша)

Каспий теңiзiнің теңiз ортасын қорғау жөнiндегі
негіздемелік Конвенция
(Тегеран, 2003 ж. 4 қараша)

 

 2005 ж. 13 желтоқсандағы № 97-III ҚР Заңымен  ратификацияланды

 

Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Каспий маңы мемлекеттерi, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түркiменстан:

Шығарындыларды, төгіндiлер мен теңiзде және жер үстінде орналасқан көздерден қауіпті, зиянды және басқа да ластаушы заттар мен қалдықтардың орналастырылуын қоса алғанда, антропогендi қызметтердiң нәтижелерi болып табылатын түрлі көздерден оның ластануы салдарынан Каспий теңiзi теңiз ортасы жай-күйiнiң нашарлауын атай отырып;

Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын қазiргi және болашақ ұрпақ үшiн сақтауға деген шынайы орындаушылық шешімi;

Құрлықтағы қызметтiң Каспий теңiзi теңiз ортасына залал келтiрмеуiн қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып;

Каспий теңiзi теңiз ортасы және теңiз деңгейiнiң ауытқу проблемасына байланысты оның бірегей гидрографикалық және экологиялық сипаттамалары үшін қауiптiң төнуiн мойындай отырып;

Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғаудың маңыздылығын растай отырып;

Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғау және сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың өзара және тиiсті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуының маңыздылығын мойындай отырып;

Мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:

 

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Терминдердiң пайдаланылуы

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мына төмендегiлер бiлдiредi:

"Iс-қимыл жоспары" - Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғаудың және тұрақты дамытудың iс-қимыл жоспары;

"Төгiнді" - теңiз ортасына кемелерден, ұшу аппараттарынан, платформалардан немесе Каспий теңiзіндегі басқа да салынған құрастырмалардан қалдықтарды немесе басқа да материалдарды әдейi арылту не кемелерді, ұшу аппараттарын, платформаларды және Каспий теңiзіндегі басқа да жасанды салынған құрастырмаларды әдейi көму;

"Қауiптi заттар" - улы, канцерогендi, мутагендi, тератогендi немесе биоаккумулятивтi заттар, егер олар айрықша тұрақты болса;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.