«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 107 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы
26 наурыздағы № 107 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 Қаулысымен күші жойылды

 

Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2550 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысында № 23, 2003 жыл жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«1-1) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;";

3-тармақта «бағалы қағаздар рыногын» деген сөздер «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.