«Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 1568 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі

пайдалану жөніндегі шаралар туралы

 

ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 400 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану, Қазақстан қоғамы мен мемлекетін кезең-кезеңімен саяси жаңғырту процесін жүзеге асыру, Қазақстан Парламентінің рөлін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Тәжірибеге:

1) әлеуметтік-экономикалық блоктың министрлерін - олардың кандидатураларын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының бейіндік комитеттері алдын ала талқылағаннан кейін;

2) Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын - олардың кандидатураларын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бейіндік комитеті алдын ала талқылағаннан кейін;

3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Мемлекет басшысы тағайындайтын төрағасы мен екі мүшесін - олардың кандидатураларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бейіндік комитеті алдын ала талқылағаннан кейін тағайындау енгізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.