Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы»
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 42 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операцияларды жүргізген кезде кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» баспа басылымдарында 2004 жылғы 19 - 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде:
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Кассаға өткізілетін қолма-қол ақшаның тізімдемесін филиал бухгалтериясының жауапты орындаушысы жеке іс қағаздарына тігеді және келесі есептік айдың аяғына дейін сақтайды.»;
18-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі «қолма-қол ақша жарнасына хабарландыруды» деген сөздер алынып тасталсын, «және» деген сөзбен толықтырылсын;