Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы
орталығы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 29 желтоқсандағы № 435 өкімі
Осы редакция 2005 ж. 8 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып:
1) мүдделі мемлекеттік органдардың террористік және экстремистік көріністерді анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы қызметін үйлестіруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығын (бұдан әрі - Орталық) құратын болсын;
2) бір ай мерзімде Терроризмге қарсы орталықтың құрылымын және ережесін бекітсін;