“Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) алғашқы рет
қызметке келген адамдардың сынақ мерзімінен және тағлымдамадан
өту ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 29 Бұйрығы
ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2009.02.12. № 160 Бұйрығымен күші жойылды
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-2 бабын іске асыру және қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) алғашқы рет қызметке келген адамдардың сынақ мерзімінен және тағлымдамадан өту тәртібін реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы 4-ші тармағын басшылыққа алып, (бұдан әрі - Комитет) БҰЙЫРАМЫН:
1. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) алғашқы рет қызметке келген адамдардың сынақ мерзімінен және тағлымдамадан өту ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланғаннан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға м.а.
Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
Комитеті төрағасының м.а.
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 29 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне)
алғашқы рет қызметке келген адамдардың сынақ мерзімінен
және тағлымдамадан өту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) алғашқы рет қызметке келген адамдардың алғашқы дайындыққа жіберілмес бұрын сынақ мерзімінен және тағлымдамадан өту тәртібі мен шартын айқындайды.