“Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені
бекіту туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы № 87 қаулысына толықтыру
мен өзгеріс енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы
19 сәуірдегі № 133 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 412 қаулысымен күші жойылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 27-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 57-бабына сәйкес, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: