«Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 110 Қаулысы (2005.27.08. берілген толықтыруларымен) (күші жойылды)

«Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны
манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
 2005 жылғы 26 наурыздағы № 110 Қаулысы

(2005.27.08. берілген толықтыруларымен)

 

ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.28.11. № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

Бағалы қағаздар нарығы жұмысының айқындылығы мен тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн арттыру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 80 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 2799 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

4. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.