Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінің арасындағы Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпір өткелінің құрылысы және оны пайдалану жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы келісім (Мәскеу қаласы, 2004 ж. 22 желтоқсан)

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінiң арасындағы Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетін шекаралық көпiр өткелiнiң құрылысы және оны пайдалану жөніндегі бірлескен iс-қимылдар туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2004 ж. 22 желтоқсан)

 

ҚР Үкіметінің 2005.16.03. № 461 қаулысымен келісім бекітілді

2005 жылғы 22 тамызда күшіне енді

 

Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

екi мемлекеттің өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда-экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,

жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттігінен шыға отырып,

Астрахань - Атырау автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі бірлескен iс-қимылдар туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниетiн бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Осы Келісімде:

«көпiр» терминi деп Қиғаш өзенiнің негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi алынады;

«шекаралық көпiр өткелi» терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ оған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.

 

2-бап

 

Осы Келісімдi iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестiрудi Тараптардың уәкiлеттi органдары:

Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;

Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі жүзеге асырады.

Өздерiнiң уәкiлеттi органдары өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірiн дипломатиялық арналар арқылы кiдiрiссiз хабардар етедi.

 

3-бап

 

Шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету үшін жауапты органдар:

Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;

Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Федералдық жол агенттiгi және Астрахань облысының әкiмшiлiгi болып табылады.

Жоғарыда аталған жауапты органдар атауларының немесе функцияларының өзгеруi туралы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.

 

4-бап

 

1. Тараптар келесi қағидаттармен келiсті:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.