(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰББ 2003 Ж. 27 ҚАЗАНДАҒЫ № 385 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау
ережесін бекіту жөнiнде Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының 12.07.04 ж. № 193 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 19 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 9, 12-18, 24, 32-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.

2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.