«Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 Қаулысы

Предыдущая страница

Сондықтан тарифтердi саралау проблемасын барлық қатысатын тараптардың мүдделері мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, шешу қажет. Өндiрушiнiң көзқарасы бойынша шығындарға негізделген экономикалық негiзделген тарифтердiң деңгейi болып табылады. Ал тұтынушылар үшiн негiзделген қызметтерге немесе өнiмдерге қол жетiмділіктi жасайтын тарифтердi саралау болып табылады. Мемлекет тарифтердi экономикалық жағынан негiзделген саралауын айқындауға тиiс.

Тарифтердi экономикалық негiзделмеген саралануды жоюдың негiзгi құралы мемлекеттік субсидиялау тетiктерi болып табылады. Мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн айқындау тарифтiк саясатты дамыту шеңберінде реттеушi органның басым мiндеттерiнiң бірi болып табылады және субсидиялау объектілерін субсидиялаудың қажеттi мөлшерін және олардың көздерiн айқындау үшiн әдiстемелiк нұсқаулықтарды әзiрлеуге негізделеді, ол мыналарды:

1) субсидиялардың қажеттi мөлшерлерiн айқындау әдiсiн;

2) субсидиялау нысандары бойынша негiздеме тәртібін қамтиды.

Мемлекеттік субсидиялау тетiктерiн дамытуға қажеттi басымды салалар темір жолмен жолаушылар тасымалы, телекоммуникациялар, жылу энергиясын өндiру мен беру қызметтері, су шаруашылығы жүйелерi қызметтерi және басқалар болып табылады.

6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері

Тұжырымдаманы қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатының есебiнен және олардың шегiнде жүзеге асырылады.

Тұжырымдаманы iске асыруға байланысты қажеттi қаржы ресурстары 1361,8 млн. теңгенi, оның iшiнде: 2005 жылы - 399,4 млн. теңгенi; 2006 жылы - 496,9 млн. теңгенi; 2007 жылы - 465,5 млн. теңгенi құрайды.

2006 - 2007 жылдарға арналған шығыстардың көлемi тиiстi қаржы жылына арналған бюджетке сәйкес нақтыланады және түзетiледi.

 

7. Тұжырымдаманы iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

 

Осы Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесiнде мынадай нәтижелер алынады:

инфрақұрылымдық салаларды қалпына келтiру бөлiгiнде табиғи монополиялар субъектiлерi, қызметтердi тұтынушылар және мемлекет мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ететiн тетiктер құру;

салалар арасындағы құрылымдық сәйкессiздiктi жою үшiн қажеттi жағдайлар жасау және экономикалық тiршiлiк ету саясатынан экономикалық даму саясатына өту;

шектi орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi тарифтердi белгiлеуге өту үшiн қажеттi жағдайлар жасау және экономикаға әкiмшiлiк тетiктерiнiң әсер етуiн төмендету;

тарифтер болжамдылығының есебiнен инвестициялық тартымдылықты арттыру;

табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi мониторингiсiнiң, қызметтi бақылау және нәтижелер үшiн менеджмент жауапкершiлiгiн арттыру тетігін әзiрлеу мен енгізу;

қайта теңдестiрiлген тарифтер;

баға түзудiң, бөлектеп есепке алудың және пайданы есептеу әдiстерiнiң прогрессивтiк әдiстемесiн қолдану есебiнен табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

өндiрiстi жаңарту, басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және нормативтен тыс ысыраптарды төмендету есебiнен ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру;

табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтерi өзгерiсiнiң олардың тұтынушыларға және экономикаға әсер етуiн талдауға, тарифтер серпiнiн жекелеген салаларға әсер етуiн, жүзеге асыруға халықтың табыстарын болжауға мүмкiндiк беретiн құралдарды әзiрлеу мен енгізу;

Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың тарапынан қойылған республика қабылдайтын талаптарды iске асыру жолымен дүниежүзiлiк экономикаға бірiгуi үшiн тосқауылдарды жою.

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 13 мамырдағы

№ 455 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Табиғи монополиялар салаларында тарифтiк саясатты

дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі

2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

 

 

Ескерту:

- Тұжырымдаманы қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Тұжырымдаманы iске асыруға байланысты қажеттi қаржы ресурстары барлығы 1361,8 млн. теңгенi, оның iшiнде: 2005 жылы - 399,4 млн. теңгенi; 2006 жылы - 496,9 млн. теңгенi; 2007 жылы - 465,5 млн. теңгенi құрайды.

2006-2007 жылдарға арналған шығыстардың көлемдерi "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы жылына анықталады және түзетiледi.

ТМРА - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ККМ - Көлiк және коммуникация министрлiгі

АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі

ЭMPM - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігi.