“Атылатын бұйымдарды қолдануды реттеу және азаматтардың
тыныштығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы”
Алматы қаласының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 92-ө өкімі
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 02-ө Өкімімен күші жойылды
Азаматтардың көптеген өтініштеріне орай және нұршашулар мен атылатын бұйымдарды ұйымдастыру жөніндегі қызметін ретке келтіру, сондай-ақ азаматтардың тыныштығын қорғау мақсатында:
1. Қолданыстағы заңдарға сәйкес Алматы қаласында түнгі уақытта (сағат 23 тен таңғы 6-ға дейін) осы орындарға белгіленбеген жерлерде нұршашу мен атылатын бұйымдарды колдануға тыйым салынады.