Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендiру комитетiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Комитеттiң төрағасына үш, оның iшiнде бip бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шілдедегi № 930 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының