«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 46 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2062 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 18 қараша - 1 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: