Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі арасындағы Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Астана қ., 2005 жылғы 15 мамырда)

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және
туризм министрлігі арасындағы Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Астана қ., 2005 жылғы 15 мамырда)

 

Осы келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 469 Қаулысын қара

 

Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастықты екi ел халықтарының арасындағы достық қатынастарды дамыту мен нығайтудағы маңызды және қажеттi элементтердiң бiрi ретiнде тани отырып, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы өзара қатынастарды кеңейту мен көтермелеу үшiн негiз қалауға ұмтыла отырып, бұдан әрi Тараптар деп аталған Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Беларусь Республикасы Спорт және туризм министрлігі төмендегілер туралы осы Келісімдi жасасты:

 

1-бап

 

Тараптар тәжiрибе мен ақпарат алмасу үшiн кездесулер және консультациялар өткізу жолымен халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту мақсатында спорттың әрбiр түрi бойынша мемлекеттік спорттық органдар мен федерациялар басшыларының iс-қимылын үйлестіруге жәрдем көрсетедi.

Тараптар спорт байланыстарын нығайту мақсатында қазақстандық және белорустық спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт қозғалысын ұйымдастырушылардың екi елде өткiзілетін жарыстарға және халықаралық спорттық iс-шараларға қатысуына жәрдем көрсетедi.

Тараптар даярлық деңгейi мен спорттық шеберлiктi арттыру мақсатында екi елдiң спорттық базаларында спорттың алуан түрi бойынша ұлттық, құрама және клубтық командалардың бiрлескен жаттығуларын, оқу-жаттығу жиындарын өткізудi ынталандырады.

2-бап

 

Тараптар бұқаралық-спорттық iс-шаралар ұйымдастыру жөнiнде тәжiрибе алмасуға жәрдемдеседi.

Тараптар дене шынықтыру және спорт арқылы халықты сауықтыру проблемалары бойынша ғылыми-әдiстемелiк ақпаратпен алмасады.

 

3-бап

 

Тараптар жаттықтырушыларды және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау саласында ынтымақтасады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.