Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қорғаныс министрлігі арасындағы «Дала бүркіті» бірлескен әскери оқу-жаттығуын өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ (2005 жылғы 18 мамыр) (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен
Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама
Корольдігінiң Қорғаныс министрлiгі арасындағы
"Дала бүркiтi" бірлескен әскери оқу-жаттығуын
өткізу жөніндегі өзара түсiнiстiк туралы
МЕМОРАНДУМ

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 18 мамырдағы № 474 Қаулысымен  меморандумға қол қоюға келісім берiлдi

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлігі (бұдан әрi - Тараптар),

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен бірлесiп Қазақстан Республикасының аумағында өткiзілетiн "Дала бүркiтi" әскери оқу-жаттығуына (бұдан әрi - оқу-жаттығу) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштері жеке құрамының қатысуына байланысты мәселелердi және қабылдайтын Тараптың қолдау көрсету мәселелерiн реттеуге ниет бiлдiре отырып,

1951 жылғы 19 маусымда Лондонда жасалған Солтүстік Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы олардың күштерiнiң мәртебесiне қатысты келісімдi (бұдан әрi - NATO-SOFA), сондай-ақ Солтүстiк Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер мен "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестік" бағдарламасына қатысушы мемлекеттер арасындағы Келісімнiң олардың Қарулы Күштерiнiң мәртебесiне қатысты ережелерiн және 1995 жылғы 19 маусымда Брюссельде жасалған оның Қосымша хаттамасын назарға ала отырып,

2000 жылғы 16 қарашада Лондонда жасалған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Қорғаныс министрлiгі арасындағы Қорғаныс саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандумның (бұдан әрi - Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум) ережелерi негiзiнде іс-қимыл жасай отырып,

төмендегілер туралы өзара түсiнiстiкке қол жеткiздi:

 

1-бап

Айқындау

 

Осы Меморандумда мынадай терминдер қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.