Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өнеркәсiптiң
қорғаныс салалары кәсiпорындарының өндiрiстiк және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы
келісім
(Астана қ, 2007 жыл 7 тамыз)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1383 Қаулысымен бекітілді
2008 жылғы 2 ақпанда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi - Тараптар), бұдан әрi «шаруашылық жүргiзу субъектілерi» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы өнеркәсiбiнің қорғаныс салалары кәсіпорындарының экономикалық, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мына төмендегілер туралы келiсті:
Тараптар арнайы мақсаттағы өнiмдi, автоматика - телемеханика және прибор жасау жүйелерiн әзiрлеу, өндiру, жөндеу және қайта жаңғырту саласында шаруашылық жүргiзу субъектілерi арасындағы өндiрiстік және ғылыми-техникалық кооперациялық байланыстарды өзара тиiмдi негiзде құруға, сақтауға және дамытуға ықпал етедi.
Тараптар арнайы мақсаттағы өнiм деп қару-жарақты, әскери техниканы, құжаттаманы, жұмыстарды, қызметтердi, зияткерлiк қызмет нәтижелерiн, оның ішінде оларға (зияткерлiк меншiкке) айрықша құқықты және әскери-техникалық саладағы ақпаратты, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңнамасымен экспорттық бақылауға жататын кез-келген басқа өнiмдi түсiнедi.
Материалдарды, жартылай фабрикаттарды, жинақтаушы бұйымдарды, оқу және көмекшi мүлiктi, технологиялық және ғылыми-техникалық сипаттағы қызметті кооперацияланған бiрiгiп жеткiзу қазақстандық және әзiрбайжандық шаруашылық жүргiзу субъектілерi арасындағы келісім-шарттары (шарттары) негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.