«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 27 мамыр) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”

 

ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1254 Қаулысымен қайтарылып алынды

 

ҚР Үкіметінің 2005.27.05 № 518 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына eнгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:

1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):

1) 6-бап мынадай мазмұндағы жетiнші бөлiкпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік монополия субъектілерiн мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның алдын ала келісімiмен жүзеге асырады.";

2) 14-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік монополия субъектілерiн қайта тіркеу үшiн мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның келісімi талап етiледi.";

3) 16-баптың төртiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.