Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын
адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. № 155; 24.08.04 ж. № 240
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 12 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
| Министр |
|
|
|
| И. Рогов |
"КЕЛІСІЛГЕН""БЕКІТІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Әділет министрі 2001 жылғы 19 желтоқсан2001 жылғы 11 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды
қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қадағалау мен күзету сотталғандардың жаза өтеуiнiң белгiленген режимiн қамтамасыз ету құралдарының бірi болып табылады және алдын алу, режимдiк, тәрбие iс-шараларының кешенiн құрайды.
2. Күзет пен қадағалау қызметiн ұйымдастыру және оған басшылық жасау колония бастығының режим жөніндегі орынбасарына жүктеледi.
Түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне күзет және қадағалау бойынша мiндеттерiн орындау кезiнде сотталғандармен олардың функционалдық мiндеттерiнде көзделмеген байланыс жасауға тиым салынады.