«Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 Өкімі (2005.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 Өкімі

 (2005.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 өкімімен күші жойылды

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының жариялылық пен сөз бостандығын дамытудағы, қоғамды реформалаудағы рөлiнiң барған сайын өсiп келе жатқанын тани келiп және дарынды журналистердi үнемi көтермелеп отыру, жас публицистердiң ең терең шығармашылық iзденiстерiн ынталандыру мақсатында:

ҚР Президентінің 2005.30.05. № 550 өкімімен 1-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

ҚР Президентінің 2005.30.05. № 550 өкімімен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары туралы ереже бекітілсiн.

2. ҚР Президентінің  1999.21.07. № 60 өкімімен күші жойылды

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.