(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 20.12.01 Ж. № 543 ҚАУЛЫСЫ

Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен
мәмілелері жөнінде ақпарат беру нысанын бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 ж.
20 желтоқсандағы № 543 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2005 ж. 19 сәуірдегі  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен атауы өзгертілді

Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы қаулының қосымшасына сай "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері жөнінде ақпарат" нысаны бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 16.02.04 ж. № 37 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін.

4. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.