Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі мен Әзiрбайжан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі арасындағы
Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк
қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(Баку қ, 24 мамыр 2005 жыл)
2005 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен Әзiрбайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (бұдан әрi "Тараптар" деп аталады),
Тараптар мемлекеттерiндегі еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау, халықты әлеуметтiк қамсыздандыру және жұмыспен қамту саласындағы тәжiрибе алмасуға бағытталған Тараптар арасындағы ынтымақтастықты тани отырып,
Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы қатынастардың дамуына жәрдемдесу ниетiмен,
Тараптар арасындағы еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуда мүдделілікті ескере отырып,
мұндай екi жақты ынтымақтастық экономикалық және әлеуметтiк прогрестi ынталандыруға ықпал ететiнiн түсiне отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Тараптар еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады және кеңейтедi.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық олардың ұлттық заңнамасына сәйкес мынадай салаларда жүзеге асырылады:
а) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау проблемаларын нормативтiк-құқықтық реттеу;
б) оларды заңнамалық реттеудi қоса алғанда, әлеуметтiк-еңбек қатынастары: еңбектi инспекциялау, еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау, еңбек дауларын шешу жолдары;
в) кедейшiлiктi азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн, оның iшiнде атаулы әлеуметтiк көмек тетiктерiн дамыту;
г) жұмыссыздар мен жұмыс iздеп жүргендердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлау жүйесiн дамыту;
д) әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және еңбек көшi-қон саласындағы саясат;