«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 583 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы
№ 583 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 44, 559-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.";

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында:

реттiк нөмiрлерi 56, 57-жолдардың 5-бағанында "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов