(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ 12.10.98 Ж. № 343 БҰЙРЫҒЫ

"Көлiк құралдарын басқару құқығын алудың, емтихан қабылдаудың,
азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн берудің тәртібі туралы Ережелерін” бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 ж. 12 қазандағы № 343 бұйрығы

(ҚР Ішкі істер министрлігінің 25.03.01 ж. № 249; 28.10.01 ж. № 762;

01.10.02 ж. № 632; 24.03.04 ж. № 184; 2005.26.04. № 249  бұйрықтарымен енгізілген

өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2005 ж. 19 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi № 2707 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi № 29 "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:

1. Қосылып берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттік тiркеуден өткізу Ережелерi /қосымшаларымен бірге/;

2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/;

3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бірге/;

4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚP IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткізу тәртібі туралы Ережелер /қосымшаларымен бірге/ бекітілсiн.

2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.01 ж. № 249 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді

3. Облыстардың, Астана мен Алматының ІІБ, ҚІІБ бастықтары:

1) аталмыш Ережелерді жол полициясы мен ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің барлық бөлімшелерінде оқып-үйренуді және Ережелерде көзделген қызмет құжаттарын жасауды қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.