«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 352 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы»2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 352 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 39-бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық қолхаттарын берудің, айналымының және өтеудің ережесін, астық қолхаттарының нысандарын (үлгілерін) және жазылуын бекіту туралы» 2005 жылғы 11 ақпандағы № 112 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3486 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық қолхаттарының нысандары (үлгілері) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5-тармақта «2005 жылғы 1 маусымнан» деген сөздер «2006 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Егіншілік департаменті (А.Қ. Евниев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.