«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы № 473 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 308 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 341 бұйрығымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3627 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 244 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кәсіптік орта оқу орындарына қабылдауды ұйымдастырудың сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 16 маусымдағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1585 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы қыркүйектегі № 31 жарияланған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 маусымдағы № 309 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2900 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орта кәсіптік оқу орындарына қабылдау ережелерінде: