«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 615 Қаулысы (2026.09.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 615 Қаулысы

(2026.09.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

1) «Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 27, 300-құжат):

1-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасына» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасының» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2026.24.09. № 838 Қаулысымен күші жойылды (2026 ж. 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов