«Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 Бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 986 тіркелген (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы № 02-1-7/3 - № 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 - № 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 - № 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 - № 1281; 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 - № 1544 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымда № 149-150 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған; 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44 - № 2268 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда № 123-124 «Егемен Қазақстан», 2003 жылғы 23 мамырда № 150-151 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің қағидасында: