«Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 Қаулысы (2009.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау
туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 Қаулысы

(2009.02.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі ережесінің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.