Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум (Лондон қ, 29 маусым 2005 жыл)

Қазақстан Республикасының Үкіметі
Мен Ұлыбритания және солтүстiк Ирландия Бірiккен
Корольдiгiнің Үкіметі арасындағы
энергетика саласындағы
өзара түсiнiстiк туралы Меморандум
(Лондон қ, 29 маусым 2005 жыл)

 

2005 жылғы 29 маусымда күшіне енеді

 

Осы жерде және бұдан әрi "Қатысушылар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан) және Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнiң Үкiметі (Ұлыбритания) Қатысушылар арасындағы қатынастардағы энергетиканың басты рөлiн және оның ғаламдық тұрақтылықты қолдаудағы және экономикалық өсудi, әлеуметтiк даму мен экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етудегi маңызды рөлін мойындай отырып, энергетика саласындағы екiжақты байланыстарды кеңейтудi қалай отырып, мынадай уағдаластыққа қол жеткiздi:

 

1. Ынтымақтастық мақсаттары

 

Қатысушылар ортақ мүдделер мен өзара пайда негізiнде, өздерiнiң өкiлеттіктерi мен мүмкiндiктерiнiң шегiнде әрекет ете отырып, өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес осы Меморандумның 2-параграфында айтылған мәселелер бойынша консультациялар өткiзуге және ынтымақтасуға ықпал етедi.

 

2. Ынтымақтастық салалары

 

Осы Меморандумның 1 параграфының ережелерін iске асыру мақсатында Қатысушылар ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асырады, мысалы:

1) энергия өндiрушi мемлекеттер мен тұтынушы мемлекеттер арасындағы энергетика саласындағы өзара түсiнiстіктi жақсарту;

2) халықаралық энергия рыногтарының тұрақсыздығын азайту;

3) қолданыстағы заңнаманың шеңберiнде сауда-шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн жағдайды жақсарту, оның iшінде: инвестициялық жағдайды жақсарту, мұнай-газ өнеркәсiбiн басқаруды және оның ашықтығын дамытуды жақсарту және жергiлiкті әлеуетті дамыту;

4) барлық қол жетімдi әдiстермен дәстүрлi және жаңа энергия көздерiн пайдалануда ұзақ мерзiмдiк экологиялық тұрақтылыққа бiрлесіп қол жеткiзу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.