Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін жасау Ережелері (221.01 - 221.04 нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы «8» желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілді ) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 625 бұйрығымен

Бекітілген

 

Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомаларының есебін жасау Ережелері
(221.01 - 221.04 нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы бойынша Декларация (200.00 нысан немесе 220.00-нысан) табыс ететін жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады;

2) тапсырысты хатпен почта бойынша - салық агенті почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық агенті Есепті (қабылдау) жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

6. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

2. Есепті жасау (221.01-нысан)

 

7. Осы Есеп Салық кодексінің 126-бабына сәйкес Декларацияны тапсыруға дейін төленуге тиісті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуге арналған.

8. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;

2) Есеп берілетін салық кезеңі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.