«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 28 маусым) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Қазақстан Республикасының Әкімшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

 

Қабылданды - 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-III  ҚР Заңын қараңыз

 

ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 642 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

1-бап. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат;

№ 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19, 23-құжаттар; 2005 жылғы 18 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 11 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Инвестиция мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

1) 5-баптың екіншi бөлігінде «Аталған әрекеттiң» деген сөздер «Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 6-баптың бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әкiмшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгенге дейiн жасалған құқық бұзушылықтарға қолданылады.»;

3) 9-баптың бірiншi бөлiгiнде:

«қолданылатын» деген сөздерден кейiн «әкiмшiлiк-құқықтық» деген сөздермен толықтырылсын;

«әкiмшiлiк жазаға» деген сөздерден кейiн», әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.