«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 158 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы
жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру,
сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып
алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 158 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 158 Қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 124 қаулысымен күші жойылды

 

Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін мамандарды дайындау және аттестациядан өткізу жүйесін жетілдіру, бағалы қағаздар рыногында қалыптасып отырған қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімділігін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшін жеке тұлғаларды аттестациядан өткізу, біліктілік куәліктерін беру, сонымен қатар біліктілік куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру немесе қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында № 8 басылымында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

"3-1. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген қолданыстағы біліктілік куәліктер Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тіліндегі біліктілік куәліктерін берумен ауыстырылуы тиіс.";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.