Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
“Кейбір аудандық және оларға теңістірілген соттарды қайта атау туралы”
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Кейбір аудандық және оларға теңестірілген соттар қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
2. Қайта аталуға жататын аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары болып саналсын.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті осы Жарлықтан туындайтын шараларды қолдансын.