"Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу
ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және
ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы
№ 38-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ақапараттандыру және байланыс жөніндегі
агенттігі төрағасының 2005 жылғы 31 мамырдағы № 160-ө Бұйрығы
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009.29.12. № 559 Бұйрығымен күші жойылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 38-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2262, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы № 52-ө және 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 100-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларына, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №№ 3490, 3617 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін: