(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 18.12.02 Ж. № 486 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 18 желтоқсандағы № 486 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 29.05.03 ж. № 162 қаулысымен;
ҚР ҰБ Басқармасының 12.04.04 ж. № 55, ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 12.04.04 ж. № 116
бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

"Қазақстан Республикасының бағалы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.