«2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 Қаулысы (2006.25.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Көгалдандыру және көрiктендiру жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн жаз кезiнде арнайы көгалдандыру жасақтары (құрылыс жасақтары) тартылатын болады, соның iшiнде 2005 жылы - 16 мың адам, 2006 жылы - 18 мың адам, 2007 жылы - 20 мың адам тартылады

.

5.6. Жеке орман қорын дамыту

 

Жеке орман қорын дамыту республикада орманды жерлердi ұлғайту жолдарының бірi болып табылады. Жеке орман қорын құру көлемiн айқындау мақсатында орман өсiру үшiн жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылған жасанды ормандар, агро-орман мелиоративтiк екпелерi, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер көмкерген жерлердi есепке алу жоспарлануда.

Аудандар мен облыстарда жеке орман қорын құру үшiн жер қоры жерлерiнен немесе мемлекет меншiгіндегі өзге санаттағы жерлерден жер учаскелерiн бөлу мүмкiндiктерi айқындалатын болады.

Сонымен бірге жеке орман қорын дамытуды ынталандыру мақсатында жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке орман екпелерiн құру үшiн кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрленетiн болады.

 

5.7. Орман орналастыру және жобалау-iздестiру жұмыстары

 

Орман қорының жай-күйi туралы ақпарат алу 10 жылдық тексеру кезеңiмен орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аталған кезең орман шаруашылығын жоспарлау үшiн оңтайлы кезең болып табылады.

Орман орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде ормандарды түгендеудiң қашықтық әдiстерi мен компьютерлiк технологияларды қолдану бөлiгiнде оларды жүргiзу технологиялары жетiлдiрiлетiн болады. Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын ГИС-технологияларды енгізу үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу аса дәлме-дәл және дала жағдайында жұмыс iстеуге ыңғайлы жоспарлау-картографиялық материалын алуға мүмкiндiк бередi.

Орман өсiруге жарамды алаптарды және сүрек пен бұта тұқымдарының түр-түрiн iрiктеп алу, ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру кезiнде орман дақылдарының шығымдылығын арттыру және отқа төзiмдi орман екпелерiн алу мәселелерi, сондай-ақ мемлекеттік орман қорын өртке қарсы жарақтандыру жобалау-сметалық құжаттаманың негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарын өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобаларын, Алматы ОТО аймақтық селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенiн ұйымдастыру, Қызылорда облысында көрсетiлген кешеннiң орман питомнигiнiң ұйымдық-шаруашылық жоспары мен оны суландырудың жұмыс жобаларын жасау жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу, ормансыз жерлерге ағаш отырғызудың жұмыс жобасын әзiрлеу және Iле Алатауы МҰТП жабайы жемiс екпелерiн қалпына келтiру көзделуде, сондай-ақ 2006-2007 жылдары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жалпы көлемi 371 га орман питомниктерiнiң ұйымдық шаруашылық жоспарлары мен оларды суландырудың жұмыс жобаларын әзiрлеу жұмыстарын жүргізу көзделiп отыр.

 

5.8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiру және оны ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени ағарту, оқу және өзге де мақсаттарда пайдалану үшiн негiзгі база болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастырудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн одан әрi дамыту көзделуде.

Осы мақсаттарда 2005-2007 жылдары республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды - Баянауыл және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерiн, Ақсу-Жабағылы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорықтарын кеңейту жұмыстары жүргiзiлетiн болады. Алматы облысында Жоңғар Алатауы және "Көлсай көлдерi", Оңтүстiк Қазақстан облысында Сайрам-Ұғам, Қарағанды облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерi құрылатын болады.

 

5.9. Орман және бақ-парк шаруашылығы саласында кадрлар

даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру

 

Саланы орман және бақ-парк шаруашылығының жас мамандарымен қамтамасыз ету мақсатында оларды мамандықтар бойынша Қазақ мемлекеттік ұлттық аграрлық университетi, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi, Бурабай экология және орман шаруашылығы колледжi, Риддер аграрлық-техникалық колледжi, Есіл ауылшаруашылық колледжi оқытады.

Студенттердiң оқу-өндiрiстiк практикадан өтуiн "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесi қамтамасыз етедi.

Орман шаруашылығының басшы қызметкерлерi мен мамандарының біліктiлiгiн арттыру үшiн жыл сайын оларды қайта даярлау қазiргi осы бағыттағы ғылыми және оқу орындарында мемлекеттік тапсырыстың негiзiнде жүзеге асырылады.

Жастарды орман саласына тарту мақсатында орман және бақ-парк шаруашылығы мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде оқыту, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша болашақ орманшыларды Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Түркияның оқу орындарында жыл сайын 6 адамнан оқыту қажет.

 

5.10. Бағдарламаны ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету

 

Белгiленген шараларды ойдағыдай iске асыру мынадай ғылыми-техникалық мiндеттердi шешудi қамтиды:

Қазақстанның табиғи аймақтары бойынша ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы мен интродукциясын дамыту;

түрлi топырақ үлгiлерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң тәсiлдерiн, әдiстерiн және технологияларын жетiлдiру;

суармалы жерлерде немесе ағын суларды сүзу танаптарына және олар жиналатын жерлерге жақын маңда плантациялар ағын сулармен суарылатын плантацияларда орман өсiрудiң ғылыми-техникалық негiздерiн әзiрлеу;

топырақтың құнарсыздануымен күрес және орман-аграрлық ландшафтар құру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу;

орман ресурстарын ұтымды және тауыспай пайдалану нормаларын жасау;

табиғи және антропогендiк факторлардың әсерiнен орман экожүйелерiнiң өзгеруiне болжам жасау;

орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректердiң банкiн құру;

көшет материалын өсiру және Қазақстанның табиғи жағдайларына жарамды әртүрлi нысаналы мақсаттағы орман екпелерiн құру жөнiнде дүниежүзiлiк практикада бар озық технологияларды бейiмдеу.

Ғылыми әзiрлемелердi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ғылыми-өндiрiстiк орман шаруашылығы орталығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Ботаника институты мен ботаника бақтары жүзеге асыратын болады.

Мемлекеттік органдарды, үкiметтiк емес ұйымдарды және халықты орман өсiру және көгалдандыру жөніндегі ақпараттық қамтамасыз ету:

сайттар ашу, арнайы газеттер мен журналдар, орман шаруашылығы бағытындағы басқа да баспа басылымдарын шығару;

дөңгелек үстелдер, тақырыптық бұқаралық iс-шаралар (жастар акциялары мен концерттер) өткізу, жазғы каникулдар кезiне студенттiк құрылыс жасақтары үшiн жұмыс жөнiндегі қажеттiлiк пен оның көлемiнiң мониторингiн тұрақты негізде жүргiзу;

көрмелер мен жәрмеңкелер, қоғамдық тыңдаулар өткізу, мемлекеттің орманды жерлерiн ұлғайту және елдi мекендердi көгалдандыру проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария ету арқылы жүзеге асырылуға тиiс.

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi

 

Осы Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ гранттар бойынша берiлетiн қаражат болып табылады.

Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджетте - 18850,38 млн. теңге, жергiлiктi бюджеттерде 12532,55 млн. теңге, кәсiпорындардың жеке қаражаты - 145,2 млн. теңге, байланысты гранттар бойынша бөлiнетiн қаражат - 70,96 млн. теңге мөлшерде көзделуде.

"Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн ұлғайту" жобасы бойынша 2006-2007 жылдарға арналған қаражат шығыстарының көлемдерiн жобаның экономикалық сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейiн Республикалық бюджет комиссиясы айқындайтын болады.

2006-2007 жылдарға арналған шығыстар көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

Елдi мекендердi көгалдандыруды, жасыл аймақтар құруды және мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды қалпына келтiрудi қоса алғанда, Бағдарламаны iске асыруға жұмсалатын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты облыстар бойынша 14-кестеде келтiрiлген.

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 14-кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

 

14-кесте

млн.теңге

 

Ормандарды өрттен күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде Бағдарламада көзделген iс-шаралардың негiзгi көлемiн заңды тұлға мәртебесi бар орман мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүзеге асыратын болады. Орман орналастыру, жобалау-iздестiру, орманды авиациямен күзету және өзге де жұмыстарды уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары жүргiзедi.

Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджетте ормандарды авиациямен күзетуге 2106,01 млн. теңге, Астана қаласының санитарлық- қорғаныштық жасыл аймағын құруға - 3887,15 млн. теңге көзделуде.

Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға жұмсалатын қаржы шығындарының жалпы көлемi 5931,52 млн. теңгенi, соның iшiнде мемлекеттік орман күзетiн ұстау - 4495,14 млн. теңгенi құрайды. Облыстық атқарушы органдардың қарауындағы ормандарды күзетуге және молықтыруға қаражат қажеттiлiгi 15-кестеде келтiрiлген.

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 15-кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

15-кесте

млн.теңге

 

Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн жалпы алғанда 4669,15 млн. теңге, соның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен - 3879,10 млн. теңге, оның iшiнде нысаналы трансферттермен жергiлiктi бюджеттерге 1439,50 млн. теңге және жергілiктi бюджеттер есебiнен - 790,05 млн. теңге қажет. Бағдарламаны техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн қаржы қаражатына қажеттiлiк 16-кестеде келтiрiлген.

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 16-кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

16-кесте

млн.теңге

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

 

Бағдарламаны iске асыру ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, оларды ұтымды пайдалану саласындағы ахуалды тұрақтандыруға, ормандардың сақталуын және орман өрттерi мен заңсыз ағаш кесуден болатын залалдарды азайтуға және кейiннен орман шаруашылығын жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн негiз қалауға мүмкiндiк бередi.

Алдын ала жасалған есептер бойынша Бағдарламаны және оны iске асыру жөнiндегі Іс-шаралар жоспарын орындаудан күтiлетiн нәтижелердiң негiзгi өлшемдерi мыналар болуы мүмкiн:

орман өрттерi зақымдайтын алқаптарды өрт қаупi бар кезеңде 3,0-5,0 мың гектардан аспайтын көрсеткiшке дейiн азайту;

ормандарды молықтырудың жалпы көлемi 85,92 мың га, соның iшiнде 2005 жылы - 24,12 мың га, 2006 жылы - 28,26 мың га және 2007 жылы - 33,53 мың га болады;

15,0 мың га, жыл сайын 5 мың га алқапта Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру;

екпелердiң жас құрылымын, олардың сапалық құрамын және ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсарту;

1849,1 мың га алқапта, соның iшiнде 2005 жылы 334 мың га, 2006 жылы - 434,8 мың га және 2007 жылы - 1080,3 мың га алқапта орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу;

15 мың га алқапта екпелер отырғызу жобасын және 1279,1 мың га алқапта ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың жұмыс жобалар әзiрлеу;

9058 га алқапта уақытша және тұрақты орман тұқымы учаскелерiн құру;

3 жыл iшiнде қалалар мен елдi мекендерде 13,00 млн. дана жасыл екпелер отырғызу;

2005 жылы - 16000, 2006 жылы - 18000 және 2007 жылы - 20000 жастарды тарту;

орман мекемелерiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және саланың басқа да мамандандырылған ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру, бұл алдағы уақытта орман шаруашылығын жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыруға, ормандарды молықтыру және орман өсiру жөніндегі жұмыстарды кеңейтуге, республиканың табиғи-қорық қорын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Жаңа орман алаптарын құру арқылы өсiп тұрған екпелер, табиғи шоқ тоғайлар, темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман жолақтары біртұтас жүйеге бірiктiрiлетiн болады.

Астана қаласын салудың бас жоспарына сәйкес қала шегіндегі негiзгi жасыл желектi дәлiз Есіл өзенiнiң арнасы бойымен өтiп, Вячеслав су қоймасының жағалауларындағы су қорғайтын екпелермен қосылып, қала мен қала шетіндегі аймақ аумағының табиғи көркемдiгiн жақсарта түседi. Қала шетіндегі аймақтың жер бедерi неғұрлым тартымды көрiнiске ие болып, астана халқы үшiн мәдени, сауықтыру және санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда аса құнды сипат алады.

 

ҚР Үкіметінің 2006.25.09. № 911 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары