Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Темір жол министрлігі арасындағы Жолтабан ені 1435 мм Трансқазақстан темір жол магистралін салу мүмкіндігін зерттеу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум (2005 жылғы 1шілде) (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Темір
жол министрлігі арасындағы Жолтабан енi 1435 мм
Трансқазақстан темір жол магистралiн салу мүмкiндiгiн
зерттеу жөніндегі ынтымақтастық туралы
меморандум

 

Меморандумға қол қоюға келісім беру туралы ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысын  қара 

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгі мен Қытай Халық Республикасының Темір жол министрлiгі,

екi елдiң темір жолдары арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастарын негiзге ала отырып,

еуразия көлiк дәлiзiн дамытудың маңызды мәнiн ескере отырып,

екi ел арасындағы темір жол көлiгі байланысын және олардың аумақтары арқылы өтетiн транзитті кеңейту мақсатында,

мынадай мәселелер бойынша өзара түсiнiкке қол жеткiздi:

1. Тараптар осы магистральдың бұдан әрi қарай Түркiменстан аумағы арқылы өту мүмкiндiгi бар және Иран Ислам Республикасының жолтабан енi 1435 мм темір жол магистралiмен қосылатын және Түркия аумағы арқылы еуропа темір жол желiсiне шығатын Достық станциясынан Түркiменстанмен мемлекеттік шекараға дейiнгі бағытта жолтабан енi 1435 мм Трансқазақстан темір жол магистралiн (бұдан әрi - ТҚТМ) салу мүмкiндiгін зерттеудiң маңыздылығына назар аударды.

2. Тараптар ТҚТМ-дi салу мүмкiндiгін зерттеу жөніндегі ынтымақтастықты дамыту ниетiн қолдайтын болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.