Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 30 маусым)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдау туралы

 

ҚР Үкіметінiң 2005.30.06. № 651 қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн реттейдi әрi оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) инновация - зияткерлiк меншiктiң объектiсi болып табылатын, енгiзiлуi өндiрiстiң әртүрлi салаларына және қоғамды басқаруға экономикалық тиiмдi және/немесе әлеуметтiк, экологиялық маңызды болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi;

2) инновациялық қызмет - инновацияларды өндiрiстiң әртүрлi салаларына енгізу және қоғамды басқару оларды инновацияларды пайдалану;

3) инновациялық инфрақұрылым - Қазақстан Республикасының инновациялық қызметiнiң мамандандырылған субъектiлерiнiң жиынтығы;

4) инновациялық грант - тәжiрибе-конструкторлық әзiрлемелердi орындау инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау, өнеркәсiп меншiк объектілерін шетел мемлекеттерiнде және/немесе халықаралық патенттiк ұғымдарды патенттеу үшiн грант берушi мен грант алушы арасындағы шартта көзделген шарттарды өтеусiз ұсынылатын ақшаның мақсатты сомасы;

5) инновациялық жоба -  инвестицияларды көздейтiн және шектелген уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар инновацияларды енгізуге бағытталған көздейтiн iс-шаралар кешенi;

6) инновациялық қор - инновациялық жобаларды және инфрақұрылымдарды қаржыландыру, сондай-ақ өзге қызметтердi көрсету жолымен инновациялық қызметтiң дамуына жәрдемдесетiн заңды тұлға;

7) инновациялық қызметтiң субъектiсi - инновациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;

8) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiсi технологиялық бизнес инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.