Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Жоба) (2005 ж. 30 маусым)

Жоба

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгі мен Қытай Халық Республикасының Жер
және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы
Геология және жер қойнауын пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім

 

Осы келісімге қол қою туралы ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 667 қаулысын қара

 

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Жер және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрi - Тараптар) Тараптар арасында 2002 жылғы 21 қазанда Астана қаласында қол қойылған Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумның ережесін назарға ала отырып, мыналар туралы келiсті:

 

1-бап

 

Тараптар мына жобаларды бiрлесiп орындауға қатысады:

пайдалы қазбалар кен орындарының дерекқорын жасау жөніндегі жұмысты және болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабты бiрлескен геологиялық және минерагениялық карталар жасап, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешендi зерттеу;

Оңтүстiк Қазақстанның Үлкен және Кiшi Қаратау жоталарының, Орталық Қазақстанның Ұлытау тауларының және Солтүстiк-Батыс Қытайдың Кепин, Кегукаин-Борокоро тауларының, Куругтаг жотасының венд, кембрий және ордовик тiрек қималарын зерттеу;

1:1000000 масштабты гидрогеологиялық және геоэкологиялық карталарын жасап, Iле-Балқаш трансшекаралық бассейнiнiң табиғи-техногендiк экожүйесіндегі су ресурстарының (жер асты және жер үстi) қазiргi жағдайын бағалау.

 

2-бап

 

Бiрлескен жобаларды iске асыру үшiн Тараптар оған қатысушы ұйымдарды (серiктестердi) анықтайды, олар әрбiр жоба бойынша бiрлескен жобалардың мәнiн, мазмұнын, нысанын және оларды жүзеге асыру мерзiмiмен, сондай-ақ қаржыландыру мәселелерiн қоса алғанда, олардың iске асырылу жағдайлары туралы жекелеген шарттар жасасады. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы ұйымдарға шарттарды дайындауда келiсуде және жасасуда жәрдемдеседi.

 

3-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.