Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Жоба) (2005 ж. 28 шілде)

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлерi
мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында
орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану
тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

 

ҚР Президентінің 2005.28.07. № 1623 Жарлығымен мақұлданды

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектілерi мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге (бұдан әрi - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiсті:

1. Келісім атауындағы, кiрiспенiң үшiншi абзацындағы және 1-баптың бiрiншi абзацындағы "4 Мемлекеттік орталық полигонын" деген сөздер "4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонын" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Кiрiспенің екiншi абзацындағы "Келісімнiң" деген сөзден кейiн ", Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімнiң" деген сөздермен толықтырылсын.

3. 1-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

"Полигонды Полигонның бастығы басқарады. Полигонның бастығына Сарышаған полигонында орналасқан 10-сынақ полигонының және Ембi полигонында орналасқан 5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасының командасы бағынады.".

4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шарттарымен Полигонның онда орналасқан объектілерiмен, жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бірге Ресей Федерациясының уақытша пайдалануына бередi.

2. Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілерi мен ұрыс алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес Ресей Федерациясының мүддесiнде оларды жалға алу кезеңiнде Полигонның жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн Ресей Федерациясы ақы төлеудi жүзеге асырады.".

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.