Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер
лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2005 жылғы 30 маусымдағы № 173-ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-Ө Бұйрығымен күші жойылды
Заңнамаға сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының негізінде қызметкерлерге біліктілік талаптарын және жұмыстардың белгілі түрлерінің күрделілігін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекақы төлеу департаменті (Г.К.Қайсенова) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
| Г. Қарағұсова |
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 173-ө бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да
қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын
әзірлеу және пайдалану ережесі