«Сүт және сүт өнiмдерiн өндiру, сақтау және тасымалдау объектілерін күтiп-ұстауға
және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 201 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 тамыздағы № 588 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17 бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Сүт және сүт өнiмдерiн өндiру, сақтау және тасымалдау объектілерін күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2005 жылғы 23 мамыр
Денсаулық сақтау министрінің
м.а. 2005 жылғы 28 сәуірдегі
№ 201 бұйрығымен бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен нормалар
«Сүт және сүт өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау
объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Жалпы ережелер